Елбасы Путин мен Зеленскийді Қазақстанда кездесуге шақырды

12 Қараша 2019, 12:02
7862
Бөлісу:
Елбасы Путин мен Зеленскийді Қазақстанда кездесуге шақырды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина басшыларына келіссөз жүргізу үшін бейтарап алаң ұсынуға дайын екенін айтты.

Ресей мен Украинаның арасындағы жағдай қынжылтатыны жасырын емес. Олар бір-біріне өте туыс елдер. Амал жоқ, болары болып, бояуы сіңді. Бұл мәселе ішкі және сыртқы күштер араласып кетті. Екі елдің арасындағы қарым-қатынас қатты алшақтағаны баршаға мәлім. Украина мен Ресейді өте жақсы білемін. Алғашқы күндерден бастап-ақ екі елді татуластыруға тырысып келемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол жақында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескенін, ал кеше Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Владимир Путинмен сөйлескенімде, бұл мәселені қалай шешуге болатынын талқыладық. Украина Еуропа елдері мен АҚШ-қа аппеляциямен шыққан. Бұдан әрі жағдайды ушықтыра бермеу үшін екі ел президенттерін жеке кездестіру керек. Сол кезде  ғана келісуге болады. Әйтпесе, қиын. Дәл қазір сәті келіп тұр деп санаймын. Зеленский биыл сайлауда халықтың қолдауына ие болды. Жоғары радаға да Зеленский жақтастары өтті. Бұл мәселені шешу оның қолынан келеді. Екі жақ дайын болса, кездестіру ұйымдастырып, бұл мәселені алға жылжыту керек, - деді Елбасы.
Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО мен Еуропалық Одақ арасында диалогтың жоқтығына алаңдаушылығын білдіргені туралы осыған дейін жазғанбыз. Назарбаев әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шыққанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы