Елбасы өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне көңіл бөлді

14 Тамыз 2019, 19:01
1190
Бөлісу:
Елбасы өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне көңіл бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарланды ҚР Тұңғыш президентінің ресми сайтында. 

Кездесуде Ермек Маржықпаев Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің даму барысы және әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

"Қазақстанның Тұңғыш президенті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық саябақтың табиғи ресурстарын қорғау мәселелеріне назар аударды. Бұдан бөлек, Елбасы өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды", - делінген хабарламада.  

Әңгімелесу барысында әлеуметтік және спорт инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ тұрғындардың табысын арттыру және тұрмысы нашар азаматтарға көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шараларға баса мән берілді.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш президенті өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жобалар әзірлеп, соларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы