Елбасы Нұр-Сұлтан қаласында және Президентпен тікелей байланыста – Айдос Үкібай

8 Қаңтар 2022, 13:20
2156
Бөлісу:
Елбасы Нұр-Сұлтан қаласында және Президентпен тікелей байланыста – Айдос Үкібай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.

Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста», - деп жазды Айдос Үкібай Твиттер парақшасында. Сонымен бірге Н. Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. «Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңында жұмылуға шақырады, - дейді А. Үкібай.

Өзгелердің жаңалығы