Елбасы мен Түркия президенті бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтады

12 Тамыз 2019, 20:44
1766
Бөлісу:
Елбасы мен Түркия президенті бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтады

​Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның стратегиялық ықпалдастығы бірте-бірте нығайып келе жатқанын атап өтті", - делінген хабарламада.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.




Өзгелердің жаңалығы