Елбасы мен Президент «Б» жоспары болуы керек екенін айтады. Нығматулин неге алаңдаулы?

12 Ақпан 2021, 12:21
4786
Бөлісу:
Елбасы мен Президент «Б» жоспары болуы керек екенін айтады. Нығматулин неге алаңдаулы?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бұл туралы Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ үлесі 31,7 пайызды құрады, 2020 жылы 28,5 пайызды құрайды. Әрине, шағын және орта бизнестің төмендеуі пандемияға қатысты шектеу шараларына екенін біліп отырмыз. Сайлауалды бағдарламада 2025 жылға 35 пайызды құрайды деп көрсетілген. 28,5 пайыздың өзінен санағанда бұл 6 пайызды құрайды. Біз пандемия қашан аяқталатынын білмейміз. Біз дағдарыстан кейін экономика қашан қалпына келтінін білмейміз, - деді Нығматулин.

Ол атағандай, Nur Otan партиясының төрағасы мен Мемлекет басшысы әрқашан «Б» жоспары болуы керек екенін айтады.

Егер біз қосымша сынақ пен тәуекелдерге тап болсақ не істейміз? Мейрамхана саласы мен туризмнің жағайы не болғанын көрдік қой. Бұл көрсеткіштерге қалай шығамыз? Басқа жоспар бар ма?, - деп Нығматулин Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке сұрақ қойды. 

Министр макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша жоспар бар екенін айтты. 

Үкімет пен Ұлттық банк, қаржы нарығын дамыту жөніндегі агенттікпен бірлескен әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындағанда қолданылатын жедел шараларды қамтитын жоспар бар.  Ол халық пен бизнеске қолдау көрсетеді. Жоспар триггерлер жүзеге асқан жағдайда қолданылады. Оның ішінде коронавирус індетінің көбеюі де бар, - деді министр. 

Айта кетейік,  Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасы талқыланып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы