Елбасы мен елорда – егіз ұғым

6 Шілде 2020, 13:35
1238
Бөлісу:
Елбасы мен елорда – егіз ұғым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесі Қаратау аудандық филиалының төрағасы Асылбек Тоқмағанбетов Елорда күнімен құттықтауында Елбасы мен елорда егіз ұғым екенін жеткізді.

Бүгінде көк аспан төрінде көк Туымыз желбіреп тұр. Бұл көрініс ерекше қуаныш сыйлап, бойыңа қуат, жаныңа жылу береді. Осылай еліміздің еңсесі тіктеліп, діңгегінің қатаюы Елбасымыз Н.Назарбаевтың жүргізген салиқалы саясатының арқасында дер едім. Кемел ойлы тұлға егемендігін енді ғана алып, тәй-тәй басқан мемлекеттің Тәуелсіздігін тұғырлы етті. Мәңгілік елге айналдырды. Бұл кезең сан ғасырлар бойғы бабалар арманы еді. Бұл арманның орындалуында Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі орасан. Сол себепті еркіндік бесігінде тербеліп өсіп жатқан бүгінгі буын Елбасының бұл еңбегін терең түсінуі керек, - дейді Асылбек Тоқмағанбетов.  

Ол Елбасы жайлы айтқан кезде еліміздің символына айналған елордамызды сөз етпеу мүмкін емес екенін айтады. 

Екеуі құдды бір егіз ұғымдай. Яғни, Н.Назарбаев Сарыарқа төсінде ғимараты аспанмен таласқан, әлем алдында абыройы асқақтаған қала тұрғызды. Заманауи келбеті әлем жұртшылығын тәнті еткен Нұр-Сұлтанның дәл бүгін мерейлі мерекесі. Елорда күні құтты болсын! Құлашын кең жайған Қазақстанымыздың қанаты талмасын. Мемлекетіміз мәңгі, еліміздің еңсесі әрқашан биік болсын. Осы ретте Елбасымызға арнайы жылы лебіз жеткізгім келеді. Әрдайым денсаулығы мықты болып, ұзақ ғұмыр кешсін, - деп Тоқмағанбетов жүрекжарды тілегін жолдады.

Өзгелердің жаңалығы