Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

5 Шілде 2021, 19:50
9521
Бөлісу:
Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Қазақстан Тәуедсіздігінің 30 жылдығына және Елорда күніне орай бәйге түрлерінен Елбасы кубогі өтті.

Еліміздің Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан және 14 облыстан келген 40 сәйгүлік өзара мықтыны анықтады.

Шілденің шіліңгіріне қарамастан бәйге жолына шыққан 40 аттың ішінде бұған дейін талай бәйгені қанжығалаған, аузымен құс тістеген өрен жүйріктер бар.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

25 шақырым қапшықтыққа шапқан 40 аттың ішінде қазақы жылқы болған жоқ. Бір Буденный тұқымы, бір қолтума ғана бар. Қалған 38 ат түгелдей ағылшын тұқымды жүйріктер.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

Сонымен бұл қатарда Әкім Әкімжанов тақымдаған Нұр-Сұлтанның Қаршығасы, Алматы облысының Мамайқарасы мен Семсері, Ханторысы мен Ардагері, Батыс Қазақстаннан келген Нұртөбел мен Абадан, шығыстың Баққарасы мен Қостанайдың Тұмары, Жамбылдың Сарматы мен Мәншүгі, Қарағандының Сұңқары мен Керіауызы бар.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

Екі-үш күннен бері шілденің алғашқы аптабы қайтпай тұр. Бүгін де қарғаның миын қайнатар қапырық оңай соғайын деп тұрған жоқ. Соған қарамастан 40 ат сөреден жіберілді. Алғашқы екі айналымда қатарын сиретпей, екі топқа бөлініп шыққан жүйріктер үшінші айналымнан бастап сетіней бастады.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

Алғашқы төрт айналымда Ақтөбе облысынан келген Қайнар дес бермеді. Тізгінге жабысқан 26-нөмірдегі Данияр Берікұлы да әккілігін танытып бақты. «Қазанат» атшабарының алымы тар, айналымы қысқа, 25 шақырым үшін аттар 13 айналым жасауы керек. Мынадай ми құайнаған ыстықта 13 айналым жасау оңай емес, Қайнар біртіндеп топқа қосылып, соңында мүлде жарыс жолынан шығып қалды.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

Той қызығы соңында дегендей, ат бәйгесінің қызығы да соңында ғой. Жарыс жолына шыққан 40 аттан мәре сызығын төрт ат әрең кесті. Кубок тәртібі бойынша 5 атқа жүлде тігілген болатын. Алайда бесінші атқа берілуге тиіс 500 мың теңге ешкімге бұйырмады.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

Сонымен, мәре сызығын кесіп өткен 5 жүйрікпен таныс болыңыздар:

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

4-орын: Алматы облысы Жамбыл ауданынан келген Семсер атты 5 жасар торы ағылшын айғыры. Шабандозы – Шынтас Нұрлы. Ат иесі – Аян Әбіке, бапкері – Ерік Жұмағұлов. Семсердің қанжығасында – 750 мың теңге жүлдесі бар. Оның 500 мыңын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тіксе, 250 мыңын «Бәйге» федерациясы берді.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

3-орын: Батыс Қазақстан облысынан келген Абадан есімді қара дөненге бұйырды. Шабандозы – Ершат Омарғалиев. Ат иесі – Жанқабыл Сатпаев, бапкері – Ерназ Сатпаев. Үшінші орын үшін Абадан 1 миллион теңге көлемінде жүлдеге ие болды. Оның 750 мыңын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тіксе, 250 мыңын «Бәйге» федерациясы берді.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

2-орын: Жамбыл облысынан келген Сармат атты ағылшын тұқымды торы дөнен иеленді. Шабандозы – Нұрбай Нұрайт. Ат иесі – Алик Нұрмаханбетов, бапкері – Елдос Мұханбетов. Сармат бұл бәйгесі үшін 2 миллион теңге иеленді. Оның 1 миллион 500 мыңын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тіксе, 500 мыңын «Бәйге» федерациясы берді.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

1-орын: Алматы облысы Қарасай ауданынан келген Мамайқара есімді жүйрікке бұйырды. Байхан Асанқұлов тақымдаған ағылшын тұқымды қара дөнен 2021 жылғы Елбасы кубогін иеленді. Ат иесі – Әлинұр Назарбаев, бапкері – Бөбекбай Жамбыл. Мамайқара жеңісі үшін 4 миллион теңге қанжығалады. Оның 3 миллионын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тіксе, 1 миллионын «Бәйге» федерациясы берді. Сонымен қатар Мамайқара Елбасы кубогін өңгеріп қайтты.

Елбасы кубогін Назарбаевтың аты иеленді

Бәйге түрлерінен Елбасы кубогін Нұр-Сұлтан қаласының және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. Сонымен қатар Нұрбол Назарбаев басқаратын "Бәйге" федерациясы аламанның бас демеушілерінің бірі болды.

Өзгелердің жаңалығы