Елбасы кітапханасында "Жастар - елдің тірегі" атты көрме ашылды

20 Қараша 2019, 17:59
2219
Бөлісу:
Елбасы кітапханасында "Жастар - елдің тірегі" атты көрме ашылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Тұңғыш президент күніне арналған Елбасы кітапханасы онкүндігінің аясында "Жастар - елдің тірегі" көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 

Ашылу рәсіміне еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері және университет оқытушылары мен студенттер қатысты.

WhatsApp Image 2019-11-20 at 17.25.46.jpeg
Ең алдымен баршаңызды келе жатқан мемлекеттік мереке - Түңғыш президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы дата қарсаңында  Елбасы кітапханасы іс-шаралар онкүндігін әзірледі. Бүгін соның тұсаукесері. Елбасымыздың " дарынды жастар - елдің болашағы және әлеуеті" деуі кездейсоқ емес. Бұл байқауға жас суретшілер мен танымал өнер майталмандары үлкен еңбек етті. Әсіресе, жастардың ерекше ықылас танытқанына қуаныштымын. Жеңімпаз атанған өнер иелерінің шығармашылық жұмыстары үлкен галерея мен көрме залдарынан лайықты орын алады деп үміттемін, - деді көрмені ашқан Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов.
WhatsApp Image 2019-11-20 at 17.25.57.jpeg

Сондай-ақ бұл көркем өнер байқауы "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы Елбасының ойын жалғастырады. Оның шеңберінде тарихта ізін қалдырған ұлтымыздың дара тұлғалары бейнелеу өнері мен заманауи өнер саласының бірегей галереясы құрылмақ.

Айта кетейік, жастар жылына арналған байқау жаңадан қадам басқан суретшілер мен кәсіби мүсіншілер және сәндік-қолданбалы өнер шеберлері арасында өтті. 

Бүгін байқау нәтижесі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы