Қызылордалықтар Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсияларымен танысты

7 Сәуір 2019, 11:11
3161
Бөлісу:
Қызылордалықтар Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсияларымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жосалы кентіндегі Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы басталды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов алғы сөзінде Елбасы кітапханасының ұжымына алғысын білдіріп, Қызылорда облысында өтіп жатқан көшпелі көрменің маңыздылығына тоқталды.

Қызылордалықтар Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсияларымен танысты

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов Кітапхана қызметінің бағыттарын атап өтіп, «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының мақсаттары мен міндеттерін белгіледі. Ол Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашовқа  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмұд Қасымбековтың атынан алғыс хат тапсырып, «Ұлы дала ұлағаттары», «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян», «Назарбаев моделі» атты кітаптарды сыйға тартты.

Экскурсия келушілеріне Н.Ә.Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап Қаз КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолын баяндайтын сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер, архивтік құжаттар және жәдігерлерден тұратын бірегей материалдар кешені ұсынылды.

Қызылордалықтар Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсияларымен танысты

Естеріңізде болса, аталмыш экскурсия 5 сәуір күні Қызылорда облысы Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығында басталған болатын. 

Бұл шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасының бір бөлігі болып табылады. Жобаның басты іс-шарасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы бірізді толық рөлін көрсететін қор көрмесі. Оның ашылу салтанаты 8 сәуірде, сағат 12.00-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы