Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелеріне басшылар тағайындалды

25 Наурыз 2019, 18:08
2578
Бөлісу:
Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелеріне басшылар тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды:

Айдос Ыдырысұлы Үкібай – Елбасының баспасөз хатшысы;

Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы;

Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;

Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі.


Өзгелердің жаңалығы