Елбасы күзде Жапония императорының ұлықтау рәсіміне қатысады – елші

22 Тамыз 2019, 16:08
2235
Бөлісу:
Елбасы күзде Жапония императорының ұлықтау рәсіміне қатысады – елші
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың мамыр айында Нарухито император тағына отырған. Ұлықтау рәсімі қазан айында өтеді. Бұл туралы Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи айтты.

Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі аз болса да, жыл сайын артып келе жатыр. Дипломаттың айтуынша, бұл, негізінен, логистика мәселесіне келіп тіреледі.

«Ең алдымен, жапон-қазақ қатынасы 30 жыл бұрын басталғанын айтып кеткім келеді. Негізінен, стратегиялық әріптестің жақсы дамыған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет Жапонияға барды және біздің премьер-министріміз Қазақстанға келді. Бұған дейін премьер-министрлеріміздің сапары болған. Екі ел арасындағы тауар айналымы жыл сайын 2 млрд доллар.  Меніңше, бұл – аз. 0,5 млрд долларды біз Қазақстанға экспорттаймыз және 1,5 млрд долларға тауарды Қазақстаннан импорттаймыз. Сондықтан салыстырмалы түрде сізден келетін импорт көлемін жоғары.  Көп тауар өндіреміз. Жапонияда шикізат түрінде мұнай мен газ бар. Дегенмен, жапониялық тауарларды Қазақстан сатып алғанын қалаймыз. Жапония мен Қазақстан арасындағы тауар айналымына кедергі – логистика. Екінші проблема, бұл жерде халық саны аз, нарық кішкентай. Қазақстанда жапониялық көліктер бар. Бірақ әрбір қазақстандықта болса, керемет болар еді», - деді елші.

Елші жапониялық өндірістің және компанияларының шетелдерде филиал ашуының өзіндік ерекшеліктерін атап өтіп, Қазақстан да осындай бағытты жолға қойса, жаһандануды «жапонша» іске асырса деген ниетін жеткізді.

«Әлемдік сауда туралы ой өзгеріп отырады. Жаһандану өте қарқынды жүріп жатыр. Шындығанда, әлемнің кез келген жерінде жапониялық компаниялар бар. АҚШ, Еуропа, Қытай, Индияда т.б. елдерде бар. Бірақ кейде менен «неліктен аз елде» деп сұрайды. Жапониялық компаниялар бизнес ашқан кезде өзінің компаниясы бар жақын елді таңдайды. Сосын сол көрші елдерден қажеттіні әкеледі. Мысалға, Алматыда жапониялық ірі компаниялардың бірі – JTI ашылды. Олар 150 млн долларды Жапониядан алып келген жоқ, Голландиядан әкелді. Яғни ақшаны сол жақтан, менеджмент, технология Швейцариядан, ал тауарды қалай өндіру жолы Жапониядан алынды. Міне, жаһандану осылай жүріп жатыр. Бағана айтып кеткендей, егер Қазақстанда да жаһандану осындай бағытта жүрсе, онда Қазақстан мен Жапонияның арасындағы қашықтық білінбей қалар еді. Жапониялықтар ақшасын түрлі елден әкелер еді. Сонда жапониялықтардай ойлайтын тауар, жапониялық «түстес» ақша келіп, Қазақстанда жаңа құндылықтар пайда болар еді. Сосын ол тауарлар жақын елдерге Ресей, Қытай, Өзбекстанға кетер еді. Сондықтан жаһандану жүріп жатыр деу керек», - деді елші.

Сонымен қатар, Тацухико Касаи қазан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға баратынын айтты.

«Осы жылдың мамыр айында император ауысты. Енді сол императорлық тақты жаңа императорға ресми түрде табыстау салтанатты рәсімі қазан айында өтеді. Соған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барады», - деді ол.

Сөз соңында, дипломат өзінің елші ретіндегі арманымен бөлісті.

«Әзірге туристік ағым ұлғайды деп айту қиын. Себебі тікелей рейс ашылғанмен, екі жаққа қатынайтын туристер саны көп емес. Оның өзіндік себептері бар. Бірақ алдағы уақытта жапониялықтар Қазақстанға және керісінше сіздер Жапонияға жиі әрі көп болып барасыздар деген үміттеміз. Көбірек жарнама керек. Мен бұл компаниядан ештеңе алмаймын, бірақ туристік ағымды ұлғайту – менің арманым», - деді Тацухико Касаи.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императорына құттықтау жолдады.

Жапония – Қазақстанның жетінші инвесторы.

Екі ел арасындағы осы және өзге де сауда-экономикалық қарым-қатынастың мән-жайын Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев айтып берген болатын.

Жапония императоры Әбсаттар Дербісәліні орденмен марапаттады.



Өзгелердің жаңалығы