Бас жаңалықтар
Елбасы елорданың болашағы үшін көп ойланатынын айтты
28 Қыркүйек 2021, 20:40 2864

Елбасы елорданың болашағы үшін көп ойланатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын «жасыл белдеу» қоршаған ірі мегаполиске айналды, – деді Елбасы.


Фото: дереккөз
Загрузка...