Елбасы Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директорымен кездесті

12 Қараша 2019, 17:42
1757
Бөлісу:
Елбасы Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директорымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадковпен кездесті. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей стратегиялық зерттеулер институты мен ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты арасында ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар, тараптар әлемдік сарапшылардың қатысуымен пікірсайыс алаңдарын ұйымдастыруға үлкен сұраныс бар екеніне назар аударды. Осы тұрғыда қазіргі жаһандық сын-қатерлерді өту үшін жаңа шешімдерді іздеуде "Астана клубы" алаңының ерекше маңызы мен рөлін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы