Елбасының жасаған мұрасын одан әрі дамытуымыз керек

20 Наурыз 2019, 14:41
2358
Бөлісу:
Елбасының жасаған мұрасын одан әрі дамытуымыз керек
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешіміне қатысты пікір білдірді.

"Нұрсұлтан Әбішұлы біздің жарқын өмір сүруіміз үшін бәрін жасады. Елбасы еліміздің дамуының берік іргетасын қалады, біз енді ол жасаған мұраны сақтауымыз және ілгері дамытуымыз керек. Оның реформалары, дұрыс саясаты, жыл сайынғы хабарламалары - мұның бәрі мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне ғана емес, елдің әрбір азаматының жүрегіне қозғау салып отырды. Өте кемел ойлы Нұрсұлтан Әбішұлы, әрдайым уақыт талабынан қалып кетпейтін іс әрекеттерімен ерекшеленіп отырды. Ол барлық саладан хабардар еді. 2018 жылдың қыркүйегінде Шымкенттің алты даму бағытын цифрландыру тақырыбы бойынша Елбасының алдында сөз сөйлеу бақыты бұйырды. Тақырыптың өзі өте маңызды, бірақ техникалық ерекшеліктеріне байланысты біршама ерекше еді" - дейді ол.

Елбасының жасаған мұрасын одан әрі дамытуымыз керек

"Мені таңқалдырғаны, Нұрсұлтан Әбішұлы менің сөзімді ерекше ықыласпен тыңдап, сұрақтар қойып, әрі өз пікірімен бөлісіп отырды. Бұл дегеніміз, ол кез келген саланың ерекшеліктерін түсінетіндігін, әрі ерекше қызығушылық танытып қоймай жедел түрде өз ұсынысын бере алатындығын байқатты. Сол кезде мен «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне орналасып, цифрландыру мен жасанды интеллект зерттеу жұмыстарына белсене кіріскен болатынмын. Нұрсұлтан Әбішұлының менің атқарып отырған жұмысыма қызығушылық білдіруі, осы саладағы менің жұмысымның жандануы үшін берілген бата деп санаймын. Бұл үшін мен Елбасыға өте ризамын! Мен оған «Болашақ» бағдарламасы үшін де алғыс білдіремін. Ол мыңдаған қазақстандық балалардың әлемдегі үздік университеттерде оқуына, білім алуына, өздерін жан-жақты дамытуына және өз еліне пайдасын тигізулеріне мүмкіндік берді. Ең бастысы, мен оған қастерлі Тәуелсіздік үшін алғысымды білдіремін. Елбасы біздің тәуелсіздігіміздің кепілі болды! Тұңғыш Президентімізге ұзақ өмір тілеймін және оған барлығы үшін рақмет!",- дейді Басқарма төрағасы Рашид Аюпов.

Өзгелердің жаңалығы