Елбасы Бас прокурорды қабылдады

15 Сәуір 2019, 17:34
1768
Бөлісу:
Елбасы Бас прокурорды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімделді.

Бас прокурор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қылмыстық заңнамасын ізгілендіру және түрмеге қамалғандардың әлемдік рейтингі бойынша Қазақстанның беделін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде еңбек дауларын шешуге қатысты азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Бас прокуратура мен Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға баса мән берілді. Ғизат Нұрдәулетовтың мәліметіне сәйкес, былтыр бірлесе күш жұмылдырудың арқасында еңбекақы бойынша 2,4 млрд теңге көлеміндегі қарыз өтелді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті шағын және орта бизнес саласындағы тексерістерді азайту үдерісіне тиісті бақылау жасаудың маңыздылығын атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы