Елбасы БАӘ президентіне көңіл айтты

19 Қараша 2019, 14:47
1634
Бөлісу:
Елбасы БАӘ президентіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бин Заид Әл Нахаянға ағасы шейх Сұлтанның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосқан көрнекті тұлға ретінде тарихта өз ізін қалдырды. Оның жарқын бейнесі халқының жадында мәңгі сақталатынына сенімдімін, - делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы