Бас жаңалықтар
Елбасы "ҚазМұнайГаз" компаниясының экономикалық тиімділігін жоғары бағалады
04 Маусым 2020, 23:23 162

Елбасы "ҚазМұнайГаз" компаниясының экономикалық тиімділігін жоғары бағалады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" кеңесінің отырысында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы басшысының қазіргі күрделі кезеңде атқарып жатқан еңбегіне жоғары баға берді.

Елбасы қазіргі экономикалық дағдарысты әсіресе "ҚазМұнайГаз" компаниясы сезініп отырғанын атап өтті.
Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының арзандауы бүкіл дүниежүзіне және бізге де қатты әсер етті. Дегенмен компанияның көрсеткіштері тұрақты. Ең бастысы өнім өндіру барысын сақтап қалды. Одан бөлек кәсіпорындағы жұмысшыларды қысқартуды болдырмады. Мұның бәрі "ҚазМұнайГаздың" үлкен еңбегі, - деді Елбасы.
Айта кесек, еліміздің телеарналарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы көрсетілді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...