Елбасы: Қазақстанда екі билік қалыптасты деген шындыққа жанаспайды

11 Қазан 2019, 22:40
5780
Бөлісу:
Елбасы: Қазақстанда екі билік қалыптасты деген шындыққа жанаспайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі екі билікке қатысты көптеген сөздер айтылып жатады. Ол жайында естіп, оқып қаламын. Ондай өсек тарататындар елімізде тұрақсыздық болғанын қалайтындар. Бұл туралы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбаты кезінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат кезінде елде екі билік қалыптасты деген түсінікке өз ойын білдірді. 

«Елдегі екі билікке қатысты көптеген сөздер айтылып жатады. Ол жайында естіп, оқып қаламын. Ондай өсек тарататындар елімізде тұрақсыздық болғанын қалайтындар. Мұнда жанжал болып, қиратулар болғанын қалап отыр. Олар қашқында жүрген біздің ұрылар, елді сатып кеткендер. Олар отырып алып елдің тыныштығын бұзуға жұмыс істейді»,-деді ол. 

Елбасы елде екі билік деген түсінік шындыққа жанаспайтынын айта келе, Қазақстан президенттік басқару формасындағы унитарлы мемлекет екенін айтты.

«Бұл тек бізде ғана емес, Франция, Ресейдің және Америкалық басқару формасы. Президент Тоқаев халықпен сайланды. Мен заңға сәйкес Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымын, ия бұл ұйым ішкі және сыртқы саясатты шеше алады. Кадрлар жағы да келісіледі. Мен тек төрағасымын, оның мүшелігінде барлық саланың басшылары бар, қателікке бой алдырмас үшін ұжым болып шешім қабылдаймыз.  Елбасы ретінде Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету. Nur Otan саяси партиясына, Қазақстан халықтары Ассамблеясына басшылық етемін. Сонымен қатар, құрылуына атсалысқан көптеген халықаралық ұйымдардың  маған құрметті төраға болуын ұсынды. Жалпы жұмыс жетерлік, оларға барып Қазақстан мүддесін қорғаймын. Ел үшін инвесторлар мен жаңа достар табамын, бұл бағытта жұмысты жалғастырудамын. Президент Тоқаев бұл бағытта менімен кеңеседі, ал мен өз тәжірибем бойынша кеңестер беріп отырамын.  Кеңес-кеңесімен, ал шешімді президент өзі қабылдайды. Тоқаев бұған дейін жасалған сабақтастықты жалғастыратынын мәлімдеген. Менде сабақтастық болғанын қалаймын, елдің дамуы мен тұрақтылық бағыты жалғасса деймін»,-деді Елбасы. 

Бұның алдында Елбасы биліктен кеткеніне өкінбейтінін және 30 жылдың ішінде елдің сенімін арқалап 100 жылға татитын еңбек атқарғанын айтқан болатын. Бұл Елбасының ҚР президенттігінен кеткеннен кейінгі БАҚ өкілдеріне берген алғашқы сұхбаты.
Өзгелердің жаңалығы