Елбасы Қазақстан халқына ризашылығын білдірді

19 Наурыз 2019, 19:29
2074
Бөлісу:
Елбасы Қазақстан халқына ризашылығын білдірді

Астана, BAQ.KZ. Елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде айтты.

Үндеу барысында ол алғашқы Тәуелсіздік жылдарында атқарылған істеріне тоқталып өтті.

«Біздің үштұғырлы міндетіміз болды. Нарықтық экономика құру, тоталитарлық идеологиялық жүйені бұзу және қоғамның барлық институттарын жаңғырту болды. Біз бұны демократиялық Қазақстан мемлекетін құру үшін жасадық. Экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіне аса мән бердік. Соның нәтижесінде экономикамыздың көлемі 15 есе, халықтың табысын 10 есеге арттырып, кедейшілік деңгейін 3%-ға жақын қысқарта алдық», - деді Н. Назарбаев. 

Сонымен қатар, ол елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беретінін де айтып өтті.

«Өткен жылдардағы сайлауларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін. Заңдарымызға сәйкес, мен Тұңғыш Президент, Елбасы, Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болдым. Елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. Өздеріңізбен бірге боламын, еліміздің қамы менің мүддем болып қала береді», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы