Кейде Елбасыдан «таяқ жейтінмін» – Әйтімова

6 Маусым 2019, 15:45
2601
Бөлісу:
Кейде Елбасыдан «таяқ жейтінмін» – Әйтімова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың кулуарында Бірғаным Әйтімова Елбасымен алғаш кездескенде 30-31 жаста болғанын айтты. 

ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова алғаш рет республикалық деңгейде лауазымға тағайындалғанын еске алды.

 «Мен Батыс Қазақстаннан келдім. Республикалық деңгейде жұмысым болған жоқ. Ол кезде мемлекетті басқарған Нұрсұлтан Әбішұлы республикалық деңгейдегі тапсырма берді. Мен үшін күтпеген жағдай болды. Ол кезде қазақ жастарын өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеуге ынталандыру керек дегенге басымдық берілді. Сол кезде орта класты құру керек болды. Мен сол кездерден бастап еліміздің президентін қолдадым. Кейін жоғарғы кеңес депутаты болдым...» - деді сенатор.

Бірғаным Әйтімованың айтуынша, ол қызметтік карьерасында тек жақсы лауазымдар алып қоймай, арасында Елбасыдан «таяқ жеген».

«Өмірде, әлемде қандай маңызды жағдайлар болып жатқаны туралы әңгімелестінбіз (Елбасымен – автор). Және әрине мен әр жаңа лауазым алған сайын біздің бір тақырыбымыз болды: оқуды жалғастыру, тәжірибе жинау, Қазақстанға шетелдең озық идеясын әкелу. Сондықтан жұмыс көп болды. Түрлі салада. Тек адамгершілік қатынастар өте сенімді, жылы болып қалды. Ал кейде мен «таяқ жеп қалатынмын», - деді Әйтімова.

«Қамқорлық көрсету туралы сізге айтылды ма?» деген журналист сұрағына былай жауап берді.

«Қамқорлық» деген менде ешқашан болған жоқ. Менде банк жүйесі, не бизнесім, мұнай саласындағы бизнесім болған жоқ дегім келді», - деді ол.

«Ал, Елбасы «қамқорлық» жасады ма?» - деп қайта сұрады журналист.

«Жоқ, қамқорлық болған жоқ. Меніңше бізді жаңа лауазымға тағайындағанда біз соған лайықты болып тағайындалдық», - деді Әйтімова.

Содан кейін сенатор Елбасымен кездескен кезі туралы айтып берді.

«Алғаш кездескенде 30-31 жаста едім», - деді ол.

Елбасы Сенат мүшелері «Құрметті Сенатор» атағын бергеннен кейін сенаторлармен бірге жұмыс істеген күндерін еске алған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Әйтімовамен қыдырып жүргенбіз» деген еді. Осы туралы толығырақ сұрағанда, Бірғаным Әйтімова былай жауап берді.

«Мен алғаш келгенде пәтерім болған жоқ. Бірнеше ай қоғамдық жерде тұрдым. Сонда кездейсоқ кездесіп қалдым. Амандасып... Ол кезде Әлия (Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – автор) жап-жас қыз еді», - деді сенатор.

Бұған дейін сенатор Бірғаным Әйтімова білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қамауға алынуына байланысты пікір білдірді.

Өзгелердің жаңалығы