Елбасы Астананың бас архитекторы – Қасымхан Төлендиев

23 Наурыз 2019, 18:05
4893
Бөлісу:
Елбасы Астананың бас архитекторы – Қасымхан Төлендиев

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ел астанасын Ұлт Көшбасшысының атымен қайта атауға байланысты «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры, Қоғамдық кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев пікір білдірді.

«2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің президенттік өкілеттілігін тоқтататыны туралы ресми мәлімдеме жасады. Мұндай тарихи оқиға, яғни мемлекет басшысының президенттік тақтан өз еркімен кетуі орталық азияда бірінші рет болып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев елімізді 30 жылға жуық басқарып келді. Ол «Советтік Қазақстан Республикасын» Ешқандай ұрыс – керіссіз, дүрбелең – соғыссыз тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Жоғары басқарушылық адами беделінің арқасында еліміздің шекарасы көрші мемлекеттермен келісіліп, дау-дамайсыз шегеленіп бекітілгенін де білеміз. Осылайша, Елбасы көп ұлтты тәуелсіз қазақстанның негізін қалады. Оның бастамасымен 1997 жылы «Қазақстан -2030» Даму Стратегиясынын қабылдап, оны ерте орындап 2012 жылдың желтоқсанында «Қазақстан -2050» стратегиясын халыққа жария етті. Ондағы негізгі мақсат Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енгізу. Оны іске асыру үшін 5 халықтық реформа , Ұлт жоспары –«100 нақты қадам» қабылданды, айтулы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда», - дейді Қасымхан Төлендиев.

Оның сөзінше, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп қайта атау жарлығы халық арасында қолдауға ие болуда.

«Осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын Елбасының бастамасымен Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшіріліп жаңа Астана қаласы тұрғызылған еді. Бас қаламыз бүгінде дүниежүзі мемлекеттеріне танымал Елордаға айналды. 2017 жылы онда халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі үлкен ұйымшылдықпен өтті. 2010 жылы Қазақстан ОБСЕ–ні басқарып, желтоқсан айында Астанада оның Саммиты өтті. Көп жылдан бері Астанада әлемдік діндер мен түрлі конфессия басшыларының съездері өтіп келеді. Астананы соққан Нұрсұлтан Назарбаев, Астананың бас архитекторы да өзі болды. Сондықтан, Астананың атын Нұрсұлтан деп атауды қолдаймын!», - дейді Қасымхан Төлендиев.

Ол Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, жақсарту, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру бағытында жасаған істерін бағалау керек деп есептейді.

«Мен өзім азамат ретінде Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевты ерекше бағалаймын. Себебі ол көпұлтты Қазақстанда бейбіт өмір орнатты, елімізді дамыған мемлекетке айналдырды. Қандай қиын жағдай болса да ақылмен шешіп, әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөліп келді. Сондай-ақ, еліміздің даму жолында тежегіш болып келе жатқан коррупцияға қарсы кешенді іс-шаралар, жаңа заңдар қабылданды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегия қабылданып іске асуда. Коррупциямен ымырасыз күрес жүруде, дерттің алдын алуға аса мән берілуде. Елбасымыздың көрегендігін, әлем деңгейіндегі саясаткер, көшбасшы қайраткер екенін көріп отырмыз, халықаралық қауымдастық та оны мойындады. Ендеше, елі үшін осыншама еңбек еткен ұлы тұлғаның атын қаншалықты дәріптесек те артық етпес», - дейді Қ.Төлендиев.


Өзгелердің жаңалығы