Бас жаңалықтар
Елбасы Армения Республикасының Премьер-министрімен кездесті
28 Мамыр 2019, 21:35 425

Елбасы Армения Республикасының Премьер-министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың және нығайтудың маңыздылығын атап өтті. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Қазақстан мен Армения арасында әрдайым жақсы қарым-қатынас болды. Қазақстандағы армян диаспорасы елдеріміздің қарым-қатынасына дәнекер болып отыр», – деді Елбасы. 

Никол Пашинян Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мемлекетаралық байланыстарды және құрлықтағы интеграциялық үдерістерді дамыту ісіне ерекше үлес қосқанын атап өтті. 

Арменияның Премьер-министрі екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

«Экономика саласында жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Ең бастысы, екі ел үкіметтерінде қарым-қатынасымызды дамытуға деген саяси ерік-жігер бар. Біздің халықтарымыз тарихи тұрғыдан өзара байланысқан», – деді Н.Пашинян.

Загрузка...