Елбасы: АӨСШК – бірегей құрылым

12 Қазан 2021, 15:17
16989
Бөлісу:
Елбасы: АӨСШК – бірегей құрылым
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін АӨСШК конференциясында оқып берді. 

Келер жылы Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы еліміздің бастамасына 30 жыл толады. Осы уақыт аралғында әр мемлекеттің елеулі үлесінің арқасында кездесулер өткізіліп, өзінің өзектілігі мен маңыздылығын айқындады. АӨСШК - бірегей құрылым, ол - мемлекеттердің саяси жақын болуына, Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылық орнауына, келіссөздер механизмі арқылы континенттің ең өзекті мәселелерін шешуге және көпжақты көзқарас қолдануға бағытталған ынтымақтастық, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Елбасы: АӨСШК – бірегей құрылым

Сонымен қатар Назарбаев өз үндеуінде кеңеске Азияның 90 пайызын, әлем халқының жартысы, жаһандық экономиканың өсуінің үштен екі бөлігін қамтамасыз ететін 27 мемлекет қатысып жатқанын айтты. 

Азия - біздің ортақ үйіміз. Біз оның мәселелерін шешуге тікелей жауаптымыз. 

Елбасы: АӨСШК – бірегей құрылым

Азия мемлекеттері бейбітшілікте, барлық басқа мемлекетпен ынтымақтастықта өмір сүруге және дамуға лайық, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы: АӨСШК – бірегей құрылым

Айта кетейік, еліміз атаулы жиынға биыл бірінші рет төрағалық етіп отыр. Кездесуге өзге елдердің спикерлері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Елбасы: АӨСШК – бірегей құрылым


Өзгелердің жаңалығы