Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20 Мамыр 2020, 16:45
1335
Бөлісу:
Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. 

Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.

Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

Ахметжан Есімовтің мәліметі бойынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының барлық кәсіпорны қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. 

Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ, - делінген хабарламада.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 пайызға артып, 1,1 трлн теңгеден асты.

Өзгелердің жаңалығы