«Ел үміті» жобасы аясында бірнеше кешенді жоба жүзеге асырылып жатыр

10 Желтоқсан 2020, 13:42
1768
Бөлісу:
«Ел үміті» жобасы аясында бірнеше кешенді жоба жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры директорының орынбасары Әнуар Жанғозин айтты.

Былтыр ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ел үміті» бастамасын ұсынған еді. Қазіргі уақытта осы бастама аясында дарынды балалар мен жігерлі жастарды қолдау мақсатында бірнеше кешенді жоба қарастырылған. Бұл бағдарламалар Нұрсұлтан Назарбаев қорының басқаруымен жүзеге асырылып жатыр. Пандемияға қарамастан жобалар 150 мың қатысушыны қамтыды және әрі қарай да жалғасын табады. Жалпы, жобалар 1,5 миллион адамды қамтымақ. Олар – оқушылар, студенттер, жастар, ата-аналар, педагогтар, жұмыс істейтін жастар және кәсіпқойлар. Барлық жоба жастарды ұлттық құндылықтар, патриотизм рухында тәрбиелеуге және үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінуге бағытталған. Жобалардың басты артықшылығы – олар бірегей және басым көпшілігі қолжетімді, - деді ол.

Әнуар Жанғозиннің айтуынша, ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы, түрлі олимпиадаларды өткізу нәтижесі ауыл балаларының оларға аз қатысатынын көрсететінін айтады. Статистика бойынша, ауыл оқушыларының 13-14%-ы облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысады екен.

Көп жағдайда бұл олардың дайындық деңгейіне, облыстық орталықтан алыс тұрғанына байланысты. Сондықтан, биыл Нұрсұлтан Назарбаев қоры әсіресе, ауылдағы мектептерде оқитын балаларға арналған «Мың бала»  ұлттық олимпиадасын өткізді. Олимпиада тек академиялық білімге ғана емес, сонымен қатар, сыни және логикалық ойлау қабілеттерін анықтауға бағытталған. Осы олимпиада шеңберінде 5-6-сынып оқушыларын қамтуды жөн көрдік. Олимпиаданың бірінші кезеңі сырттай өткізіліп, 4000-нан астам ауыл мектептерінен шыққан 5-6-сынып оқушыларының 295 мың оқушысы қатысты. Нәтижесінде 2-кезеңге қатысуға 5000 оқушы іріктелді және жалпы олимпиаданың қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталды. Бүгінге таңда олардың 300-ден астамы дарынды балаларға арналған мектептерде 7-сыныптарда білім алуды жалғастырады. Сонымен қатар, екінші кезеңге өткен финалистер Елбасы академиясының онлайн мектебінде ақысыз пәндік дайындықтан өтіп жатыр, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы