«Ел тірегі – Елбасы» акциясы жалғасып жатыр

23 Наурыз 2021, 16:09
1691
Бөлісу:
«Ел тірегі – Елбасы» акциясы жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Халық» қоры 20 наурыздан бастап Қазақстанда аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасыларды азық-түлікпен қолдау бойынша «Ел тірегі – Елбасы» атты қайырымдылық акциясын бастаған болатын.

Акцияға еліміздің танымал меценаттары – Қайрат Боранбаев, Данияр Әбілғазин, Диас Сүлейменов, Кеңес Рақышев және AYALA қайырымдылық қоры қолдау білдіріп, еліміздің ең шалғай аудандарындағы отбасыларға 5000 азық-түлік жиынтығы жеткізіледі. 

Әр отбасына күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит сияқты ең қажетті деген заттардан жинақталған әрбірінің салмағы 50 келіден асатын жалпы саны 20000-нан астам 1 млн кг азық-түлік себеті жинақталды, – дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес аз қамтылған, көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының және онымен байланысты карантиндік шаралардың салдарынан материалдық қиындыққа тап болған отбасыларға бөлінеді.

«Халық» қайырымдылық қоры бұл акцияны бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған орай, бизнес өкілдерін күш біріктіруге және «Ел тірегі – Елбасы» акциясына қосылуға шақырады. Еліміздің амандығы – әрқайсымыздың  жауапкершілігімізде!, – дейді қор өкілдері.
Өзгелердің жаңалығы