Бас жаңалықтар
Ел спортшылары алдағы жарыстарын Чеботькоға арнайды
24 Қаңтар 2021, 22:51 187

Ел спортшылары алдағы жарыстарын Чеботькоға арнайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын төрт Олимпиада ойынының қатысушысы Николай Чеботьконың құрметіне арнайды.

Olympic.kz сайтының мәліметіне қарағанда, #TEAMKZ атлеттері жарыс алаңына арнайы қаралы лентамен шығады. 

Осы күндері Әлем кубогі өтіп жатқан Нидерландыда конькимен сырғанаушылар бірінші болып құрмет көрсетті. Содан соң биатлон бойынша Қазақстан командасына қосылады. Шаңғы акробатикасы бойынша Қазақстан комадасы Беларусьте өтетін Әлем кубогі сатысында Чеботьконы еске алады. 

Естеріңізге сала кетейік, Николай Чеботько 38 жасында өмірден озды. Төрт Олимпиада ойынының қатысушысы жол көлік апаты салдарынан көз жұмды. Жол апаты 24 қаңтарда Бурабай ауылы (Ақмола облысы) маңында болды. Шаңғышы кез келген аралықта жарысқа қатыса алатын әмбебап болатын. 

2013 жылы Валь-Ди-Фьеммеде ол әлем чемпионаты пьедесталының (командалық спринт) үшінші сатысына көтелілді. Оның қоржынында Азиа ойындарынан төрт күміс және екі қола медаль бар. Әлем кубогында Чеботько 2001 жылы желтоқсанда алғаш өнер көрсеткен болатын. 

2012 жылы Квебекте Әлем кубогының үшінші сатысында (Денис Волоткамен бірге) тарихи медиальді еншілеген болатын. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті елдегі барлық спорт қауымдастығы атынан Николай Чеботьконың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның бейнесі таланты шаңғышы, нағыз олимиада чемпионы, керемет жан ретінде мәңгі жадымызда сақталады!


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...