Біз ел ретінде мүмкіндіктердің барлығын жоғалтып алмауымыз керек – сарапшы

27 Сәуір 2020, 16:09
1173
Бөлісу:
Біз ел ретінде мүмкіндіктердің барлығын жоғалтып алмауымыз керек – сарапшы
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина бүгінгі президенттің үндеуіне қатысты пікір білдірді.

Бізде әлі күнге дейін коронавирусқа шалдыққан азаматтардың саны азамай тұр. Президент өз үндеуінде халықты әлеуметтік қолдау жалғасатынын айтты. Әсіресе, мұғалімдер мен дәрігерлер қолдаусыз қалмайды. Сонымен қатар, президент өз мәлімдемесінде төтенше жағдайдың біршама уақытын өткергенімізді айтты. 1,5 айдан бері оқшауланған режимде өмір сүріп жатырмыз ғой. Енді карантиннен кейін қалай өмір сүруіміз керек? Біз ел ретінде мүмкіндіктердің барлығын жоғалтып алмауымыз керек. Бұл әлеуметтік, медициналық, саяси салада болсын, - дейді Алуа Жолдыбалина.

Ол сонымен қатар, төтенше жағдай кезіндегі шағын және орта бизнеске көрсетіліп жатқан президенттік қолдау туралы да айтты.

Жалпы, Қазақстан осындай қиын кезеңде бизнес саласына қолдау көрсетіп жатқан мемлекеттердің алдыңғы легінде. Салықтан босатып жатыр, қаржылай қолдау тағы бар. Бұл үлкен көмек. Себебі шағын және орта бизнес осы күні үлкен үлес көрсетуде. Экономикалық өсімнің әжептәуір пайызын құрайды. Әрине, қолдау осымен тоқтамайды, әрі қарай жалғасады. Әлемнің бірнеше елі жаңа бизнес-модельдер жасап жатыр, - дейді сарапшы.


Өзгелердің жаңалығы