Бас жаңалықтар
Ел халқының 87,6 пайызы дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайды
07 Қыркүйек 2021, 12:48 812

Ел халқының 87,6 пайызы дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Дін саласындағы жалпы жағдай туралы» брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дін саласындағы мемлекеттің негізгі бағытттарын жүзеге асыру және қалыптастыру мақсатында комитеттің үлесі зор.

Сонымен қатар Ержан Нүкежанов 2020 жылы қабылданған дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар аясындағы негізгі 3 бағытты атады.

Біріншіден, мемлекет дамуындағы зайырлы қағидаттарды нығайту. Екіншіден, мемлекетпен конфессиялар арасындағы түсіністікті және үндестікті қамтамасыз ету. Үшіншіден, дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу. Осы мақсаттарда өз жұмысымызды ұйымдастырып отырмыз, -деді ол.

Ол пандемияға байланысты ақпарттық және т.б салалар өзгеріске ұшырағанын, оның ішінде комитет жұмысына өзгеріс әкелгенін айтты.

Бұл мәселелерді ескеріп, ақпараттық салада өз жұмысымызды жүргізудеміз. Себебі деструктивті конттенттің өзі қазіргі кезде ақпараттық салаға ойысып отыр. Дегенмен біз осы саламыздағы жұмыстың оң екенін бағдарлап отырмыз. Өйткені екінші тоқсанда жүргізілген әлеуметтік зерттеулерімізге сәйкес, еліміздің 87,6 пайызы адамдары дін саласындағы мемлекеттік саясатты толығымен қолдайды. Бұл біз үшін жақсы көрсеткіш, -деді Ержан Нүкежанов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...