Халқымыз біртектілік үдерістерін ұғыну кезеңінен өтті – Айгүл Сәдуақасова

2 Желтоқсан 2021, 11:45
1372
Бөлісу:
Халқымыз біртектілік үдерістерін ұғыну кезеңінен өтті – Айгүл Сәдуақасова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің стратегиялық зерттеулер институты мен Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған «Елбасы аманаты: елдіктің жеті тұғыры» атты дөңгелек үстел барысында отандық қоғамдық-гуманитарлық ғылым өкілдері – тарихшылар, әлеуметтанушылар, экономистер, саясаттанушылар, өнертанушылар Елбасының өсиетін талдау бойынша сараптамалық талқылау өткізіп жатыр.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ҚЭЗИ директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова «Бірлік пен келісім – мемлекеттігіміздің мызғымас негізі» деген іргелі құндылық туралы айта келе, Елбасының саяси ерік-жігерінің арқасында елімізде этникалық және діни көзқарасына қарамастан азаматтық теңдіктің институционалдық тетіктері құрылғанын және дәйекті түрде жетілдіріліп жатқанын атап өтті.

Оның сөзінше, этносаралық саладағы нақты саясат, тәуелсіздік алған сәттен бастап қабылданған жарлықтар мен бағдарламалар, сондай-ақ оларды жүзеге асыру шаралары қоғамдағы этносаралық қатынастарды үйлестіруге мүмкіндік берді.

Этносаралық қатынастар қоғамдағы құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қатынастардың барлық кешенін көрсететін лакмус қағазының бір түрі болып қала береді. Бірақ, ең алдымен, этносаралық қатынастар қоғамдағы эмоционалды, рухани, моральдық-этикалық нормаларды көрсетеді. Әлем мен біздің қоғам күрделі ауысуды бастан кешірген кезде ғасырлар бойы сақталған келісім мен достық қарым-қатынасты сақтау мүмкіндігі ең құнды болып табылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық қоғам талқылау және көпшілік санасында біртектілік үдерістерін ұғыну кезеңінен өтті, - деді ол.

Сондай-ақ маманның мәлімдеуінше, этносаяси мәселелердің жаһандылығы, саяси риториканың этникалық маркерлермен байланысы, әлеуметтік желілердің этникалық бағыттағы мәлімдемелерге деген жоғары жауаптылығы теріс әсер етуші факторларға айналуы мүмкін.

ҚЭЗИ зерттеулері адамдардың мінез-құлқына ақпарат пен оны ұсыну әдістері көбірек әсер ететіндігін көрсетеді. Бұл процестердің белең алуы жас ұрпаққа ерекше тиеді екен. Біздің полиэтностық даму ресурс ретінде үлкен әлеуетке ие. Ассамблея Қазақстан Республикасының азаматтық пен патриотизм қағидаттарын нығайту үшін құрылған институт. Мемлекет басшысы басқаратын базалық институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық сипаты бар; қызметі бірлік пен келісімді сақтауға бағытталған азаматтық қоғам институттарын дамыту. Қоғам мен мемлекеттік институттар диалогы үшін ашық алаңдар құру сонымен қатар азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған ұлттық жобаларды ілгерілету. Этносаралық мәселелерді деполитизациялау және этносаралық келісімге, өшпенділік пен ксенофобияға әсер етуі мүмкін әрекеттерге тыйым салу, - деді Айгүл Сәдуақасова.
Өзгелердің жаңалығы