Ел чемпионаты. «Нарын» В тобынан үздік шықты

22 Мамыр 2019, 13:25
2991
Бөлісу:
Ел чемпионаты. «Нарын» В тобынан үздік шықты
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. В тобының соңғы ойынында Атырау облысының «Нарын» командасы мен Қызылорда облысының құрамалары кездесті.

Екі команда В тобының үздігі атануы үшін ойын өткізді. Алғашқы айналымнан-ақ атыраулықтар алаңда атой салды. Көкпар ойынының мықты майталмандары екенін танытқан «Нарынның» нар жігіттері есепті 5:1-мен аяқтады. 

Ел чемпионаты. «Нарын» В тобынан үздік шықты

10 минуттық үзілістен соң ортаға қайта оралған қос команда тартысты ойын көрсетті. «Нарынның» жігіттері әп-сәтте ойын тағдырын шешті. Есеп - 9:3

Атырау облысы «Нарын» командасы, команда капитаны – Қанат Абылбеков, жетекшісі – Аслан Жанбалаев.

Қызылорда облысы құрамасы, команда капитаны – Қанат Абылбеков, жетекшісі – Ғ.Махатаев, жаттықтырушысы – С.Боранбаев.

Ел чемпионаты. «Нарын» В тобынан үздік шықты

Салым салғандар:
Қызылорда облысының құрамасы: Қанат Абылбеков – 1 салым, Нұрлан Жүсіпов – 1 салым, Наурызқожа Әмзиев – 1 салым.
«Нарын» командасы: Ынтымақ Әліпбаев – 1 салым, Айбек Болатов – 2 салым, Қайыржан Сүлейменов – 1 салым, Алмат Жүнісов – 1 салым, Александр Пупенко - 2 салым, Жасұлан Айтбай – 2 салым.

Ел чемпионаты. «Нарын» В тобынан үздік шықты

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Чемпионаттың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-аухат қоры.

Ел чемпионаты. «Нарын» В тобынан үздік шықты

Айта кетейік, бұған дейін А тобынан Түркістан облысының "Құлагер", D тобынан Ақмола облысының "Жекебатыр" командасы үздік шыққанын хабарлаған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы