Бас жаңалықтар
Ел чемпионаты. Маңғыстау құрамасы алматылықтардан басым түсті
PHOTO
05 Сәуiр 2021, 12:20 162

Ел чемпионаты. Маңғыстау құрамасы алматылықтардан басым түсті

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Чемпионатта Бірінші лига бойынша III-IV орындар үшін Маңғыстау облысы құрамасы мен Алматы қаласы құрамасы тартысты.

Бұған дейін де Маңғыстау құрамасының мықты команда екенін айтқан едік. Дегенмен, Алматы қаласы құрамасы ардагер көкпаршыларға қарсы тегеурінді ойын көрсете білді.


Маңғыстау облысының құрама командасы

Абдыжапаров Абуғали – мінген аты «Евро»
Дусембай Руслан – «Хабар»
Мустапаев Ғалымжан – «Құлагер»
Мамбеткулов Бақыт – «Марал қасқа»
Акбаев Жорабек – «Найза»
Сейтбеков Темірлан – «Ракета»
Қуанышұлы Жасұлан – «Ханзада»
Нұрманов Асанбай – «Пеле»
Ибрагимов Ринат – «Маңғыстау»
Пупенко Александр – «Месси»
Болатов Айбек – «Саян»
Етреков Әнес – «Жалқасқа»

Алматы қаласының құрама командасы

Қанат Марлен – мінген аты «Бақанас»
Азатбек Думан – «Сүлікқара»
Тоқбаев Нұржан – «Бесқасқа»
Жұмашев Тахир – «Байторы»
Абсаметов Ақтілек – «Шеңгелторы»
Бақтыбай Шыңғыс – «Орақбас»
Камилов Сұлтан – «Золотой»
Ерғали Бағжан – «Боран»
Шарқабаев Азамат – «Көк ойнақ»
Жексенбаев Санжар – «Жұлдыз»
Құдайберген Еркебұлан – «Ақкеме»
Әлімбаев Шыңғыс – «Гүлсары»


Алғашқы айналымда ойын нәтижесі 2:2 болып аяқталған болатын. Екінші айналымда «Адай ата» жігіттері ойын тізгінін өз қолына алуға мықтап кірісті. Соның нәтижесінде ойын аяқталғанда есеп 6:3 болып аяқталды.


Алматы қаласына тиесілі 3 салымды да команданың тастақым ойыншысы Әбсәметов Ақтілек салды. Ал Маңғыстау облысы құрамасындағы 6 салымның екеуін Ақбаев Жорабек салса, Әбдіжаппаров Әбуғали, Сейітбеков Темірлан, Нұрманов Асанбай және Етреков Әнес бір-бір салымнан салды.


Осымен бүгінгі ойындар кестесі бойынша белгіленген тартыстар аяқталды. Ертең ел чемпионаты аясында ел тарихында алғаш рет «Өнер көкпары» өтетін болады.




Фото: автордан
Загрузка...