Ел чемпионаты. Бүгін III-IV орындар үшін тартыс өтеді

5 Сәуір 2021, 10:19
7141
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Бүгін III-IV орындар үшін тартыс өтеді
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында Көкпардан ел чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін көкпар алаңына Жоғарғы лигадан Қызылорда облысы мен СҚО құрамасы топтық ойындар өткізеді. Ал Бірінші лига бойынша III-IV орындар үшін Маңғыстау облысы құрамасы мен Алматы қаласы құрамасы тартысатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл жерінде өтіп жатқан чемпионатта 15 команда өзара мықтыны анықтап жатыр. Бұл алдағы уақытта өтетін халықаралық, әлемдік ойындарға команда жасақтауға негіз болады.

Оқырмандар есіне сала кетейік, ел чемпионаты аясында «Өнер көкпары» додасы өтеді. Яғни, өнер адамдары арасындағы тартыс 6 сәуір күні басталады. Әзірге бұл додаға 6 команда тіркелді. Ал 7 сәуір күні Жоғарғы лиганың және Бірінші лиганы, «Өнер көкпарының» финалдық кездесулері өтеді. 

Бірінші лига бойынша финал Нұр-Сұлтан құрамасы мен Қарағанды облысы командасы арасында өтсе, Жоғарғы лиганың финалында Түркістан облысы мен Жамбыл облысы құрамалары сайысатын болады.

Өзгелердің жаңалығы