Ел чемпионаты. Бүгін бірінші лига ойындары өтеді

2 Сәуір 2021, 10:58
2519
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Бүгін бірінші лига ойындары өтеді
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында өтіп жатқан Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионатының төртінші күні басталды.

Ел чемпионаты. Бүгін бірінші лига ойындары өтеді

Бүгін бірінші лиганың топтық ойындары өтеді. Онда өнер көрсететін командалар төмендегідей:

Қостанай облысы – Қарағанды облысы

Алматы қаласы - БҚО

Павлодар облысы – Маңғыстау облысы

Шымкент қаласы – Нұр-Сұлтан қаласы

Ел чемпионаты. Бүгін бірінші лига ойындары өтеді

Бұған дейін Қостанай облысы бір рет жеңсе, Қарағанды құрамасы екі жеңіске қол жеткізген. Ал Алматы қаласы мен БҚО құрамалары екі-екі жеңіліс тапқанын білеміз. Маңғыстау құрамасында бір жеңіс, бір жеңіліс болса, Павлодар ойыншыларының қоржынында жеңіс жоқ. Шымкент командасы бір рет жеңілген, ол осы чемпионатта жақсы ойын көрсетіп келе жатқан командалардың бірі - Нұр-Сұлтан құрамасы. Екі жеңісі бар. 

Бүгінгі ойындардың ішінде бірінші жұптың тартысы қызық болады деген ойдамын. Алматы мен БҚО ойыншылары чемпионаттан жеңіссіз кетпеуге барын салатын болады. Ал көрермендер үшін ең қызық ойын Нұр-Сұлтан мен Шымкент арасында өтеді деген болжамым бар. Астананың екі жеңісі бар. Ал Шымкентте әзірге жеңіс жоқ. Шымкент осы олқылықтың орнын толтыруға барын салады. Павлодар мен Маңғыстаудың ойынында Маңғыстау құрамасы басым түсуі мүмкін. Себебі ол құрамада өңшең ардагер ойыншылар деуге болады, – дейді кәнігі көкпаршы Жаныс Саев.
Ел чемпионаты. Бүгін бірінші лига ойындары өтеді

Қазір алғашқы ойын Қарағанды облысы құрамасы мен Қостанай құрамасы арасында тартыс өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы