Ел чемпионаты. БҚО құрамасы төртінші рет жеңілді

4 Сәуір 2021, 10:27
2701
Бөлісу:
Ел чемпионаты. БҚО құрамасы төртінші рет жеңілді
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында өтіп жатқан Көкпардан ХХ ел чемпионатында БҚО құрамасы төртінші рет жеңілді.

Бүгінгі ойындар кестесін бастаған Қостанай облысы мен БҚО құрамалары арасындағы ойын аса тартысты өтпеді. Ойын басталысымен Қостанай құрамасы ойын тізгінін қолға алды.

Ел чемпионаты. БҚО құрамасы төртінші рет жеңілді

Қостанай облысының құрамасы

Асанов Бақдәулет – мінген аты «Мерген»

Жүнекеев Рүстем – «Арман қара»

Дайыров Қобыланды – «Барон»

Қасқырбай Дархан – «Ақтангер»

Жүрсін Абылайхан – «Керей»

Оралхан Қоныс – «Нұр-қасқа»

Сұлтан Оралхан – «Арман қасқа»

Дайыров Қамбаржан – «Ақтабан»

Мустафин Ермек – «Қостанай»

Данияров Нұрша – «Қаршыға»

Жұмабаев Қуаныш – «Аққайың»

Байтасов Рыскелді – «Маэстро»

Ел чемпионаты. БҚО құрамасы төртінші рет жеңілді

Ал бұған дейін Қарағанды облысы, Алматы облысы және Алматы қаласы құрамаларына жол берген БҚО құрамасы бұл жолы Қостанай құрамасына да есе жіберді.

БҚО құрамасы

Ғазезов Жаңаділ – мінген аты «Тайсон»

Рсалиев Сұңғат – «Нұрқасқа»

Бақытов Қуанышқали – «Жаппар»

Жеңісов Мағжан – «Ракета»

Сәрсенов Ақтілек – «Путин»

Куненов Айболат – «Бақторы»

Космагулов Кайнар – «Бесқасқа»

Кабидуллиев Данияр – «Крузак»

Бержанов Заманбек – «Қаһарман»

Түймешов Жұбаныш – «Намыскөк»

Темірбеков Рахметолла – «Мерс»

Темірханов Сабыржан – «Нұрқасқа»

Ел чемпионаты. БҚО құрамасы төртінші рет жеңілді

Алғашқы ойында төрешілік жасаған төрешілермен таныс болыңыздар. Ортадағы төреші – Айтбаев Нұрхан, қапталдағы төрешілер – Кенжебеков Бақытжан, Әлиев Жасұлан және Меңдіғалиев Ақтілек.

Сонымен 7:1-мен аяқталған ойында салым салған шабандоздарды атап өтейік.

Ел чемпионаты. БҚО құрамасы төртінші рет жеңілді

Қостанай облысы құрамасы: Дайыров Қобыланды – 4 салым, Асанов Бағдәулет – 2 салым, Сұлтан Оралхан – 1 салым.

БҚО құрамасы: Сәрсенов Ақтілек – 1 салым. Бұл чемпионат бойында БҚО қоржынына түскен екінші салым. Алғашқы салымды Алматы қаласымен өткен ойында Ырысалиев Сұңғат салған болатын.

Ел чемпионаты. БҚО құрамасы төртінші рет жеңілді

Өзгелердің жаңалығы