Ел чемпионаты. Бүгін көкпардан түйісу ойындар өтеді

24 Мамыр 2019, 09:28
2028
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Бүгін көкпардан түйісу ойындар өтеді
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Таразда ту көтерген Ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші күні көкпардан түйісу ойындары өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезең бойынша ойындар аяқталған болатын. 

А тобында – Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы, Түркістан облысының «Құлагер» командасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы және ШҚО құрамасы бар. 

В тобында – БҚО құрамасы, Атырау облысының «Нарын» командасы, Қызылорда облысының құрамасы және Маңғыстау облысынан келген «Адай ата» командасы жеке-жеке бақ сынап жатыр. 

С тобында – Алматы қаласының құрамасы, Қостанай облысының құрамасы, Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрамасы сайысқа түсуде. 

D тобында – Ақмола облысының «Жекебатыр», Қарағанды облысының құрамасы мен Павлодар облысынан келген «Сатты» командасы бар.

Топтық кезеңдегі ойындарда А тобында «Құлагер» топ жарса, ШҚО құрамасы екінші, Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы үш, Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы төртінші орын болған еді.

Атырау облысының «Нарын» командасы көш бастаған В тобында екінші орынды Қызылорда құрамасы иеленді. Сондай-ақ, осы топтағы үшінші-төртінші орынды Маңғыстау облысы мен БҚО құрамалары иеленді.

Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы үздік шыққан С тобында СҚО құрамасына екінші орын бұйырды. Ал үшінші-төртінші орындарды Қостанай облысы мен Алматы қаласының командалары өзара бөлісті.

D тобында Ақмола облысының «Жекебатыры» алға шығып, СҚО екінші, Қарағанды облысының құрамасы үштікті түйіндеген болатын.

Бүгін осы топтық кезеңде бірінші орын алған төрт команда финал үшін талас өткізеді. Ал қалған топтық кезеңде екінші орын алған командалар келесі орындар үшін додаға түсетін болады.

Сонымен бүгін алаңға шығатын командалар:
«Құлагер» - «Нарын» (финал үшін тартыс) 9:00-10:00
«Әулие ата» - «Жекебатыр» (финал үшін тартыс) 10:00-11:00
ШҚО – Қызылода облысының құрамасы 11:00-12:00
СҚО – «Сатты» 12:00-13:00
«Амтана» - «Адай ата» 14:00-15:00
Қостанай облысы құрамасы – Қарағанды облысы құрамасы 15:00-16:00

Естеріңізге сала кетейік, чемпионат 26 мамыр күні аяқталады. Бүгін финалға жолдама алған командалар сол күні тартысқа түсетін болады.
Өзгелердің жаңалығы