Ел чемпионаты. "Әулие ата" ә дегеннен қара үзді

20 Мамыр 2019, 17:12
3561
Бөлісу:
Ел чемпионаты. "Әулие ата" ә дегеннен қара үзді
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Көкпар алаңында алаң иелері мен Солтүстік Қазақстан облысының құрамы тақым түйістірді. Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрама командасы арасындағы дода тым тартысты болмады.

Жамбыл облысының «Әулие ата» құрамасы:

№ 1 - Есжан Құрманбай, мінген аты – Құлагер
№2  -  Атамекен Рүстемов – Ардакүрең
№3  -  Манарбек Дүйсенбиев – Байтөбел 
№4  -  Ернат Мәлімбай – Барыс
№5 -  Жұлдызхан Тайырбеков – Топайкөк
№6 -  Құлажан Тоғайбаев – Нұрқасқа
№7 -  Болатбек Әлімбетов – Алға 
№8 -  Ернар Жарылқасын – Бүркіт
№9 -  Ислам Рәт – Қордай 
№10 - Жантөре Әбдәлі  – Нарқасқа
№11 -  Бағылан Ширимбаев – Ноян
№12 -  Құрманбек Тұрғанбек – Абырой 
Ел чемпионаты. "Әулие ата" ә дегеннен қара үзді

СҚО құрамасы:

№1 - Еркебұлан Дүйсекеев, мінген аты – Қасқалдақ
№2 -  Бейбіт Амангелдиев – Сибақ
№3 - Руслан Смағұлов – Ханторы 
№4 - Бауыржан Ризахан – Алқалы
№5 - Қуаныш Рысмағамбетов – Көксерек
№6 - Өктем Ташматов – Қарагер
№7 - Данияр Ғалинұров – Арғымақ 
№8 -  Алмас Зайдуллин – Айқасқа
№9 -  Нұрсұлтан Әбесов – Хан 
№10 - Ринат Ибрагимов – Монгол
№11 - Вадим Любарский – Алатау
№12 - Самат Көпбосын – Колчак 

«Әулие ата» әуелден даңқы жер жарған көкпар командасы. Екіншіден туған жердің топырағы да Жамбыл жігіттеріне жәрдем беріп тұрғандай. Құлажан Тоғайбаев, Құрманбек Тұрғанбек қатарлы танымал додапаздары бар «Әулие ата» командасы алғашқы айналымда-ақ есепті 7:2-ге жеткізді.

Ел чемпионаты. "Әулие ата" ә дегеннен қара үзді


Екінші айналымда СҚО құрамасы есепті теңестіруге қанша тырысса да, ұпай алшақтығына аса өзгеріс енгізе алмады. Керісінше «Әулие ата» жігіттерінің әптігі асып, есепті еселей түсті.
Сонымен, қос команда арасындағы тартыста ұпай саны 15:2, жамбылдықтар алаң иесі екенін айқын дәлелдеді.
Өзгелердің жаңалығы