Ел чемпионаты. «Адай ата» бүгін жақсы ойын көрсетті

22 Мамыр 2019, 12:36
2850
Бөлісу:
Ел чемпионаты. «Адай ата» бүгін жақсы ойын көрсетті
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Көкпар додасында В тобы бойынша ойын көрсеткен келесі командалар БҚО құрамасы мен Маңғыстау облысының «Адай ата» командасы. 

Екеуі де бір-бірін бұрыннан білетін, сыралғы командалар. Дегенмен ел чемпионатында аянып қалар жан жоқ. Барын салды. 

Ел чемпионаты. «Адай ата» бүгін жақсы ойын көрсетті

БҚО құрама командасы, команда капитаны – Бақытжан Дәуренбеков, жетекшісі – Ержан Әлиев, жаттықтырушысы – Ақтілек Сәрсенов.

Маңғыстау облысы «Адай ата» командасы, команда капитаны – Ербол Ермағамбетов, жетекшісі – Қанағат Сүйебаев, жаттықтырушысы – Қазыбек Қабиев.

Ел чемпионаты. «Адай ата» бүгін жақсы ойын көрсетті

Екі команда ойынның алғашқы бөлігін 6:1-мен бітірді. Жеңіс – «Адай ата» командасының тақымында. 

Екінші айналымда да Маңғыстаудың майталмандары есе жібермеді. Есепті арттыра түскен «Адай ата» командасы ойын соңында БҚО құрамасын 11:3-пен ойсырата ұтты.

Ел чемпионаты. «Адай ата» бүгін жақсы ойын көрсетті

Салым салғандар: 

БҚО құрамасы: Бағдәулет Сейдәлиев – 1 салым, Ерлан Саев – 1 салым, Жарас Құралас – 1 салым;
«Адай ата» командасы: Руслан Дүйсембаев – 1 салым, Шынболат Ақбаев – 2 салым, Еркебұлан Абдуманап – 1 салым, Сейділлә Дәулет – 1 салым, Тілләбек Сұлейменов – 1 салым, Бақдәйлет Ерімбетов – 2 салым, Жасұлан Қуанышұлы – 1 салым, Баян Қилыбай – 1 салым, Асанбай Нұрманов – 1 салым.

Ел чемпионаты. «Адай ата» бүгін жақсы ойын көрсетті

Естеріңізге сала кетейік, осы чемпионатта көзге түскен, жақсы ойын көрсеткен көкпаршылардан 2019 жылы қарашада Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көкпардан өтетін ІІ Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы