Ел чемионаты. Көкпардан алғашқы күннің қорытындысы шықты

4 Қараша 2021, 15:11
1081
Бөлісу:
Ел чемионаты. Көкпардан алғашқы күннің қорытындысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Қарасай батыр ауданында 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпардан – ІХ, аударыспақтан – ІХ Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы күні аяқталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8 команда екі топ болып тартысқа түсіп жатыр. Алғашқы күні, яғни 4 қараша күні алаңға І топтағы Қарағанды облысы мен Алматы қаласы, Түркістан облысы мен Қызылорда облысы өзара мықтыны анықтаса, ІІ топта Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысы және Атырау облысы - Шымкент қаласы құрамалары өзара мықтыны анықтады.

Ел чемионаты. Көкпардан алғашқы күннің қорытындысы шықты

Сонымен алғашқы күннің қорытындысы бойынша:

Қарағанды облысы – Алматы қаласы – 1:8

Түркістан облысы – Қызылорда облысы – 11:0

Шығыс Қазақстан облысы – Алматы облысы – 1:9

Атырау облысы – Шымкент қаласы – 0:8

Ертең көкпардан топтық кезең ойындары жалғасатын болады. Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы көкпардан – ІХ, аударыспақтан – ІХ ел чемпионаты басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы