Ел болып карантин ережелерін қатаң сақтайық - журналист

9 Шілде 2020, 18:53
1566
Бөлісу:
Ел болып карантин ережелерін қатаң сақтайық - журналист

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 маусым күні республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде Үндеу жасады. Осыған орай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Базарбек Түкібай пікір білдірген еді.

Президент Үндеуінде пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемалар туралы айтып берді. Демек, мемлекет басшысының айтып отырған сақтық шаралары қатерлі індеттің алдын алуға өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Иә, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең. Өздеріңіз көріп-біліп отырғандай қазір әлеуметтік желі қазанамаға толып кетті. Арты қайырлы болғай, өлгенге – иман, тіріге – салауат. Ендеше, барлық азаматтар босаңсуға жол бермей, ел болып карантин ережелерін қатаң сақтайық, - деді ол.
Бұл мемлекет тарапынан қажетті шаралар қабылданбай жатыр деген сөз емес, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері күндіз-түні осы қатерлі індетке шалдыққандармен күресіп келеді. Өкінішке қарай, ара-арасында туралап келген ажал алмай тынбауда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Үндеуінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты және сол үшін 13 шілдені - Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Мемлекет басшысы тағы бір маңызды мәселеге тоқталды. Ол дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керектігі және дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндірмеу. Сондықтан мұндай әрекеттерге тосқауыл қою керектігін тілге тиек ете келіп, қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын және құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын жеткізді. Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да аяусыз қалдырмайды. Бұл да өте дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы