Бас жаңалықтар
Ел астанасына Ұлт Көшбасшысының атын беру тарихи оқиға – белсенді жас
23 Наурыз 2019, 16:50 657

Ел астанасына Ұлт Көшбасшысының атын беру тарихи оқиға – белсенді жас

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ елінің бас қаласына Тұңғыш Президенттің атын беріп, Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атауға байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде жастар пікір білдіріп, өз ойларын айтуда.

«Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» Жастар қанаты БҚОФ менеджері, белсенді жас Азамат Мағзом ел астанасының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне байланысты пікірімен бөлісті.

«Шетелдіктер Қазақстан атауын естігенде елімізді Нұрсұлтан Назарбаевпен және Геннадий Головкинмен байланыстырады. Яғни осы екі тұлға қазақ елін әлемге әйгілеп отыр деуге болады. Сондықтан да мемлекетіміздің астанасын Нұр-Сұлтан деп атау бірден-бір дұрыс шешім деп ойлаймын. Бұл тарихи оқиға», - дейді студент.

Оның пікірінше, еліміздің көркейіп дамуы, жастардың әрбір бастамаларының, жобаларының қолдау табуы тікелей Елбасымыздың арқасында орын алған.

«Дамушы елдердің қатарында болып, болашақта дамыған мемлекетке айнала алатындай дәрежеге жеткізген Тұңғыш Президентіміз екендігі анық. Сондықтан да ел астанасына Ұлт Көшбасшысының атын беру тарихи оқиға. Ал Қазақстанның тарихында өзінің атын қалдыра белген Нұрсұлтан Әбішұлы ұлықтау үлкен маңызға ие. Қазіргі буын жастар арасында бұл атау тез сіңісіп кетеді деген пікірдемін. Дегенменде Нұр-сұлтан атауының құлаққа сіңіп, жүректерден орын алуы үшін аздаған уақыт керек», - дейді Азамат Ізбасарұлы.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық