«Ел аманаты». Сауалнамаға қатысу ерікті түрде жүргізіледі

23 Қыркүйек 2020, 17:01
2847
Бөлісу:
«Ел аманаты». Сауалнамаға қатысу ерікті түрде жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-дағы онлайн брифингте «Ауыл» ХДПП орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов сауалнама шартын түсіндіру кезінде айтты.

«Ауыл» партиясы ұйымдастырып отырған «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының негізгі мақсаты мен шарттарын түсіндірді.

«Ауыл» ХДПП «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнамасы Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан азаматтарынан, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық мәселелерді жинақтап, оларды шешу жолдарын айқындауға бағытталған, - деді Қуаныш Сейтжанов.

Жалпыұлттық сауалнаманың мақсаттары:

- Қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтап, тиісті үкіметтік органдарға жеткізу;

- Әрбір азаматтың мүддесін қорғау;

- Еліміздің дамуы бойынша тұрғындармен пікір алмасу;

- Ел тұрғындарымен тығыз байланыс орнату;

- Сауалнама ұйымдастыру арқылы Қазақстан Республикасының әр азаматының қоғамды дамытуына үлес қосуына мүмкіндік беру;

- Қоғам өміріндегі «Ауыл» партиясының саясатын қалыптастыру үшін өзекті де, нақты ұсыныстарды жинақтау;

- Қордаланған мәселелерді қоғам елегінен өткізіп, оларды «Ауыл» партиясының бағдарламасына енгізу.

- Жергілікті өкілетті және жоғары заң шығарушы органдардың құрамындағы «Ауыл» партиясы мүшелерінің халықпен байланыстарын нығайту;

- Еліміздің барлық өңіріндегі белсенді, бастамашыл азаматтарды патриоттық идеяларды жүзеге асыру жолында жұмылдыру.

Сауалнаманың шарттары 2020 жылдың 23 қыркүйегінен 25 қазанға дейін Қазақстан Республикасының барлық өңірінде өтеді. «Ауыл» партиясының «Ел аманаты» сауалнамасына еліміздің 18 жастан асқан әрбір азаматы қатыса алады. Сауалнамаға қатысу ерікті. Дегенмен «есіктен-есікке» принципінен бас тартқан жоқпыз. Ол жазбаша түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, WhatsApp, Telegram қосымшалары арқылы да өткізіледі, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін «Ауыл» партиясының «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнамасы басталды.

Өзгелердің жаңалығы