Эквадорда наразылық акциясында 7 адам қаза тапты

14 Қазан 2019, 17:51
1166
Бөлісу:
Эквадорда наразылық акциясында 7 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметке қарсы акциялардың нәтижесінде 1300-ден астам адам зардап шекті.

Эквадорда үкіметке қарсы митингтер кезінде 7 адам қаза тауып, 1300 адам жарақат алды. Бұл туралы республиканың адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының ресми сайтында 13 қазанда жарияланған. 

3 қазаннан бері 1121 адам қамауға алынған, олардың көбі – ер адамдар.

Бұған дейін ел ІІМ хабарлағандай, наразылық акциясы кезінде 86 полицей жарақаттанған.

Эквадордың бас прокуратурасы адамдардың өміріне және мемлекет мүлкіне шығын келтіріп жатқан адамдарға қатысты «терроризм» бабын қолдануда бастады.

Айта кетсек, Эквадорда наразылық акция қазан айының басынан бері болып жатыр. Бұған президент Ленин Мореноның жанармай мен экономикалық реформаларға субсидияны тоқтату туралы жарлығы себеп болды.

Наразылық білдірушілер мұнай шығатын жерге апаратын және Кито әуежайына баратын жолды жауып, полицейлерді кепіл ретінде тұтқынға алған.

Өзгелердің жаңалығы