Экспресс-тесттен өту үшін не істеу керек?

7 Сәуір 2020, 13:06
1596
Бөлісу:
Экспресс-тесттен өту үшін не істеу керек?

Алматы, BAQ.KZ  тілшісі. Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова экспресс-тесттен өту үшін не істеу керектігін айтты.

Оның айтуынша, қалаға экспрес-тест құралдары жеткізіліп, арнайы 8 орын белгіленген.
 "Олимп" КГД сынақ алатын 5 орынды дайындады және қайырымдылық қоры тарапынан 3 орын белгіленді, бұлардың бәрі санитарлық-экпидемиялық талаптарға сай келеді. Бұл тесттен кімдер өтеді дегенге келсек, алдымен алғы шепте жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлері, құқыққорғау органдары, дезинфекция жасап жүргендер және волонтерлер өтеді. Олан бөлек арнайы сайтта анкета толтырып өтінім бергендер өте алады. Ол жерде толтырылған жауаптарға саралау жұмыстары жүргізіледі. Яғни тесттен өтуі керек деп танылған адамдар ғана тексеріледі. Ол үшін азаматтың телефонына қай күні, қай жерде тесттен өтетіні туралы хабарлама келеді. Бұл үлкен кезекті болдырмас үшін жасалып отыр,-деді ол. 

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда Алматы бойынша 119 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелгенін айтты. Оның ішінде 35 жағдай сырттан жеткізілген, 67 адам ауырғандармен байланыста болған, 6 жағдай жергілікті. Бұл адамдардың барлығы оқшауланып, стационарға жатқызылған. Бір отбасыда 4 адам жұқтырған жағдай да тіркеліп отыр. 
Бұған дейін ауырғандардың көбі 20-29, 30-39 жас аралығында болса, қазір 50-59 аралығындағылардың саны артты. Одан бөлек 2-16 аралығындағы балалардың саны 88 пайызға өсті. Сондай-ақ қалада 39 инфекция ошағы бар, бастапқы кезеңнен бергіні есептегенде 54,-деді ол. 
Оның айтуынша, стационар карантинінен жақын байланыста болған 189 адам шығарылған. 12555 адамға тест жасалып, олардың 119-нан инфекция анықталған. Бұл барлық тексерілгендердің 0,9% құрайды.
Әлем бойынша коронавиурсты ауыздықтаудың екі жолы бар. Біріншісі, адамдардың өзін-өзі оқшаулауы. Екіншісі, тест жасау жұмыстары. Мемлекеттен және Денсаулық сақтау министрлігі осы тест құралдарын сатып алуға қаржы бөлініп отыр. Тест тапсырған 12 555 адамның қатарында коронавирусқа күдікті деп табылғандар, сырттан келгендер, ауырғандармен байланыста болғандар және медицина қызметкерлері бар,-деді Молдағасымова.


Өзгелердің жаңалығы