Экспресс-сынама туризмді жандандыра ма?

6 Қыркүйек 2021, 12:42
5738
Бөлісу:
Экспресс-сынама туризмді жандандыра  ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл әлемді басып алған індет әлі де болса өз күшінде. Туризммен өмір сүретін бірқатар ел шекараларын ашса да, қауіп-қатерден сақтану мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес.

Медицина саласында қызмет ететін мамандардың айтуынша, ауыр індеттің алдын алу іс-шараларының бірі бұл сынама тәсілдерін кеңінен қолдану.

ПТР-сынама көптеген туристке артық шығын болатыны рас, әсіресе, бюджеттік туризм бойынша демалушыларына.

Сол себепті бірқатар мемлекетте ПТР-сынамамен қоса экспресс-сынаманы қатар қабылдайды. Мысалы, Данияға келетін азаматтар 48 сағат бұрын жасалған экспресс-сынамамен елге кіру мүмкіндігіне ие. Дәл осындай ретте туристтер Испания, Кипр, Түркия, Украина, Хорватия, Черногория, Чехия, Багам аралдары, Панама, Эквадор мемлекеттеріне бара алады. Әрине, бұл елдерге бару үшін басқа да талаптар бар, бірақ экспресс-сынаманы қолдану туристтер үшін алтын уақытты да қаражатты да үнемдейді.

Жалпы экспресс-сынама екіге бөлінеді: антигенге және антиденелерге. Антигенді анықтау адамның осы сәтте жұқпалы ауырумен науқастанғанын немесе саулығын көрсетеді. Антиденелерге арналған экспресс-сынама оған дейін ауырғанын не аурмағанын анықтайды.

Туризм саласында экспресс-сынамаларды қолданатын орындары көп, мысалы, әуежайларда, туристік нысандарда. Соны білген ресейліктер, Домодедово әуежайында экспресс-сынаманы өтуге болатын арнайы орынды да бөлген екен.

Қазақстанда экспресс-сынаманы қолдануға тыйым салынбаған. Бас санитарлық дәрігердің 25.12.2020 жылғы №67 Қаулысымен ПТР қол жетімсіз болған жағдайда, инфекцияны диагностикалау үшін сезімталдықтың 80%-дан және 97%-дан ерекшеліктің ең аз сипаттамаларына жауап беретін экспресс-сынаманы пайдалануға болады. Ал елімізде шығарылатын Eco Pharm KZ, қазіргі экспресс-сынаманың дәлдігі 97-99% дейін жетеді. Олардың артықшылығы: нәтиже 15-20 минутта дайын болады және бағасы небәрі 2500 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы