Экспорт. Шығыстың әлеуеті шектеусіз

17 Қыркүйек 2020, 22:35
2086
Бөлісу:
Экспорт. Шығыстың әлеуеті шектеусіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «KazakhExport «экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басшылары Шығыс Қазақстан облысына үш күндік жұмыс сапары аясында бірқатар өндірістерді аралап, Өскемен мен Семейдің 13 компаниясының өкілдерімен кездесулер өткізді. 

Жергілікті кәсіпкерлермен қазақстандық өнімдерді экспортқа шығару мәселелерін талқылап, мемлекеттік қолдау шаралары, сыртқы нарықтарға жеткізу жасау мүмкіндіктері туралы айтылды.

Бүгінгі таңда өңірде экспортқа бағдарланған 30-ға жуық ірі өндіріс жұмыс істейді, олардың өнімдері әлемнің 90-нан астам еліне жеткізіледі. Қазақстандық тауарлардың негізгі тұтынушылары Қытай – 32,3%, Ресей – 22,6%, Түркия – 17,7%, Өзбекстан-3,5% болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының экспорты 2020 жылғы қаңтар-маусымда $1,36 млрд-тан асты және одан әрі өсу әлеуеті бар.

Мемлекеттік қолдау құралдарын белсенді пайдаланатын компаниялар арасында тазартылмаған өсімдік майын, шрот пен күнжараны өндіруші – «ПК Сей-Нар» ЖШС бар. Кәсіпорын өз өнімінің 60% - дан астамын шетелге Қытайға, Өзбекстанға, Тәжікстанға жібереді. Екі жыл бұрын компания KazakhExport арқылы экспортқа шығарылатын тазартылмаған өсімдік майын дайындауға шикізат сатып алу үшін алынған банктік қарызды сақтандырған болатын. Қазір «ПК Сей-Нар» өзінің өндірістік қуатын кеңейтіп, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында Altyn Shyghys май өңдеу зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда.

«Кэмонт» АҚ-ның электр жабдықтары шетелдік сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Жиынтық тарату құрылғылары мен орта және төмен кернеулі қосалқы станциялар дайындайтын  кәсіпорынның өндірістік базасында  отандық экспорттаушыға сыртқы нарықтарда бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін дайындау, бояу және құрастыру цехтары, технологиялық желілер мен заманауи станоктық жабдықтар бар. Компания дайын өнімді Ресейге жібереді. 2018 жылдан бастап осы экспорттаушының келісімшарттары бойынша KazakhExport қабылдаған міндеттемелер көлемі 6,6 млрд.теңгені құрады.

Отандық тауар өндірушілер ғана емес, қазақстандық қызмет көрсетушілер де мемлекеттік қолдауды пайдалана алады. Казгипроцветмет « ЖШС жобалау бойынша қызметтерді экспорттауды бірінші жыл жүзеге асырып отырған жоқ. Үш экспорттық келісімшарт шеңберінде компания шетелдік сатып алушы тарапынан төлемеу ықтималдығы тәуекелін сақтандырып, айналым капиталын толықтырды. Экспорттаушы жұмыс істейтін бағыт өте перспективалы болып саналады. Түсті және қара металлургия, алтын өндіру, машина жасау, химия және өнеркәсіптің басқа да салаларының кәсіпорындарын кешенді технологиялық және құрылыстық жобалау бүкіл әлемде сұранысқа ие.

Өңірдің жақын және алыс шетел импорттаушыларын қызықтыратын нәрселері жеткілікті: АӨК өнімдері, кондитерлік өнімдер, қаптау материалдары, автобустар, ауыл шаруашылығы және жүк техникасы, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелер, құбыр арматурасы, өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған технологиялық жабдықтар.

«Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Вертекс Восток» ЖШС, «Өскемен май экстракциялық кешені» ЖШС, «Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты» ЖШС, «Qazaq Astyq Group» ЖШС, «Daewoo Bus» ЖШС, «СемАз» ЖШС, «Семей кеме жасау-кеме жөндеу зауыты» ЖШС, «Казполиграф» ЖШС, «Kondiz» ЖШС және т.б. басшыларымен кездесуде экспорт географиясының мүмкіндіктері мен оны кеңейту бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Өңірдің экспорттық әлеуеті зор. Біз ШҚО-ның бірқатар өнеркәсіптік объектілерінде болдық, кейбір кәсіпорындар шетелдік нарыққа бұрыннан бері шығуда, ал кейбіреулері шетелдік нарыққа шығуда алғашқы қадамдарын жасап жатыр және араларында экспорт туралы енді ойланып жүргендер де бар. Біздің міндетіміз барлығына көмектесу, құралдардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, қолайлысын тауып беру, тәуекелдерді есептеу, әлеуетті сатып алушыларды іздестіруге жәрдемдесу, - дейді «KazakhExport «ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков.

Қазақстан Президенті өз Жолдауында дамудың басым бағыттарын, оның ішінде АӨК өнімдерінің экспортын екі есеге арттыруды, өнеркәсіпті қолдаудың кең «деңгейлес» шараларын сақтауды, негізгі экспорттық басымдықтарды айқындауды, сондай-ақ қолдау шараларының құралдарын айтарлықтай кеңейтуді атап өтті. Өңірдің шағын және орта бизнесі үшін өндірістің өсуіне және тауарлар мен қызметтер желісін кеңейтуге, сыртқы нарықтардағы өз позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы