Экспорт географиясын кеңейтуге 500 млрд теңге бөлінеді

28 Қаңтар 2019, 17:13
2390
Бөлісу:
Экспорт географиясын кеңейтуге 500 млрд теңге бөлінеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның экспорт географиясын кеңейтуге шамамен 500 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді.

«Дәстүрлі экспорт нарығынан жоғалтып алмау үшін, сондай-ақ тауарларды жеткізу географиясы мен номенклатурасын кеңейту мақсатында алдағы үш жылда 500 млрд теңге бөлінеді», - деді Қабыкенов.

Соның ішінде шамамен 220 млрд теңге көлеміндегі осыған дейін бөлінген қайтарымды қаржы есебінен экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыруға бағыталады. Қазақстанның Даму банкінің үш құралы арқылы экспорттаушылар мен импорттаушыларды несиелендіруді қаржыландыруға – 80 млрд теңге, KazakExport ҰК жарғылық капиталын арттыруға – 68 млрд теңге және мемлекеттік кепілдің жаңа түрін енгізуге – 102 млрд теңге, отандық спорттаушылардың көлік шығындарының бір бөлігін төлеу механизмін енгізуге – 20 млрд теңге, сондай-ақ дәстүрлі түрлерді күшейту мен сервистік қолдаудың жаңа құралдарын енгізуге 10 млрд теңге бөлінеді.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы