Қазақстанның экспорты 27,2%-ға төмендеген

29 Қыркүйек 2020, 22:04
1244
Бөлісу:
Қазақстанның экспорты 27,2%-ға төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ. Төребаев пен Еңбек және әлеуметтік қорғау Вице-министрі А. Сарбасов АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия бойынша Сауда өкілінің көмекшісі Кристофер Уилсонмен, сондай-ақ оның АҚШ Үкіметіндегі әріптестерімен ВКС форматындағы брифинг-кездесу өтті.

Брифингте тараптар Халықаралық еңбек ұйымының 1948 жылғы 9 шілдедегі қауымдастық бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы №87 Конвенцияның ережелерін орындауға қатысты, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ преференциялар жүйесін одан әрі пайдалануы жөніндегі ұсынымдарын іске асыру мәселелерін талқылады.

ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ. Төребаев 2020 жылдың 7 айында өзара сауда көлемі туралы ақпаратпен бөлісті. Ол $0,9 млрд құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23%-ға төмен ($1 299,4 млн). Қазақстанның экспорты 27,2%-ға төмендеп, $338,0 млн, импортты - $661,9 млн 20,8%-ға төмендеді.

Ол тауар айналымының төмендеуінің негізгі факторы ретінде барлық елдердің, соның ішінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда қатынастарында көрініс тапқан коронавирус пандемиясының салдарын атап өтті.

Сонымен қатар, Қ.Төребаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды тереңдету мақсатында жеткізілетін тауарлар мен қызметтер номенклатурасын кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Ол сондай-ақ ҚР-АҚШ арасындағы іскерлік кеңестің ашылуы АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірісін ашу мүмкіндігін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде мультимодальдық көлік хабын салу бойынша американдық компаниялармен бірлескен жобаны іске асыруға қатысты ұсынысты біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту бойынша жақсы мүмкіндік ретінде Вице-министр Қ.Төребаев ерекше атап өтті.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірісін ашу мүмкіндігін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде мультимодальдық көлік хабын салу бойынша американдық компаниялармен бірлескен жобаны іске асыруға қатысты ұсынысты біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтудің перспективалық нұсқалары ретінде Вице-министр ерекше атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы