Экс-президентке қозғалған 20 қылмыстық істің үшеуі жабылды

19 Маусым 2020, 14:27
1262
Бөлісу:
Экс-президентке қозғалған 20 қылмыстық істің үшеуі жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенкоға қатысты барлығы 20 іс ашылған, оның тең жартысы бойынша тергеу жалғасуда. Бас прокурордың кеңсесі бұрынғы президентке қатысты үш істі жапты, деп хабарлады korrespondent.net.

Өткен аптада коалиция болмаған жағдайда премьер-министрді тағайындауға қатысты үш өндіріс, ОАСК-нің қызметке араласуына қатысты сот төрелігінің жоғары кеңесінің мүшелерін тағайындау қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды, - деген бас прокурор Ирина Венедиктова.
Айта кетейік, мәселе коалиция болмаған жағдайдағы премьер-министрді тағайындау, Киев округтік әкімшілік сотының қызметіне араласу және жоғарғы сот кеңесінің мүшелерін тағайындауға қатысты болған.

Венедиктова Порошенкоға қатысты барлығы 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Қазір Порошенко мен оның туыстарына қатысты он іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы