Бас жаңалықтар
Экс-министр Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шықты
03 Шілде 2020, 12:11 103

Экс-министр Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық  коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаторлық емді жалғастыруда, - деді вице-министр.

Айта кету керек, Біртановтың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз. Кейін ҚР денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалған Алексей Цой бұрынғы әріптесінің тез жазылып кетуіне тілектестік білдірді .

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...